Қоғам • 25 Қыркүйек, 2025

Жасанды интеллект министрлігінің жаңа логотипі таныстырылды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі өзінің логотипін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жасанды интеллект министрлігінің жаңа логотипі таныстырылды

фото: ЖИ министрлігі

Ведомство өкілдері логотиптің әрбір элементінің мағынасын түсіндірді:

  • Шеңбер – ұлттық мәдениет пен бірліктің негізі саналатын шаңырақты, сондай-ақ Қазақстанның жаһандық ауқымын және әлемге ашықтығын білдіреді.

  • Шеңбер ішіндегі төртбұрыш пішіндер – ұлттық ЖИ инфрақұрылымының негізін құрайтын микрочиптер мен суперкомпьютерлік жүйелерге сілтеме.

  • Тор үлгісі – цифрлық матрица, мұндағы әрбір ұяшық жалпы қозғалыстың бір бөлігі: мемлекет, бизнес, ғылым және қоғам.

Логотиптің түстері дәстүр сабақтастығын және болашаққа ұмтылысты бейнелейді.

«Жаңа таңба жоғары технологиялар мен ұлттық құндылықтардың символикасын біріктіріп, министрліктің миссиясын – жасанды интеллект пен цифрландыруды тұрақты дамудың және жалпы өркендеудің қозғаушы күшіне айналдыру мақсатын көрсетеді», деп қосты ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында елде Жасанды интеллект министрлігін құру туралы жариялаған болатын.