
Фото: olympic.kz
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Александр Бублик кейінгі тізімде 16-орынға тұрақтаған. Бұл – оның жеке рекорды болып отыр. Себебі Бубликтің бұға дейінгі ең жоғағы нәтижесі 17-орын болған.
Мұндай көрсеткішке Бубликтің Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP сериясындағы турнирде жеңіске жетуі септескен.
Әлемдік рейтингте испаниялық Карлос Алькарас көш бастаса, екінші орында - италиялық Янник Синнер. Үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндеген.