Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2025

Ерейментау халқы сапалы ауыз суға зәру

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Amanat» партиясының Ақмола облыстық филиалында жол картасының орындалмай қалу қаупіне байланысты депутаттық фракцияның отырысы  өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерейментау  халқы  сапалы ауыз суға зәру

фото: ашық дереккөз

Отырыс барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жәркешов «Amanat» партиясының «Халықпен бірге!» 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының орындалуы жайлы баяндады. Жол картасы бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр.

–Облыста жүйелі жұмыс атқарылып жатыр, – дейді облыс әкімінің орынбасары Ернар Жәркешов, –Астана агломерацияға кіретін индустриялық аймақ Аршалы ауданында жұмыс істеп бастадық. Оған біз шетелдік және қазақстандық инвесторлардың ішінен 1 триллион 100 миллиард теңгеге жуық инвестициялық жобаларды тартып, орнықтырып жатырмыз. Ол жерге біз біраз электр қуатын, су құбырларын тартып, дайындап қойдық. Енді құрылыстар бірте-бірте басталып жатыр. Одан басқа «КөкшеИнвестор» деген индустриялық аймақты аштық. Оның ең басты мақсаты біздің Көкшетаудың әлеуетін жалпы географиялық жағынан қандай ұтымды жағдайлар бар соны ескере отырып, транспорттық-логистикалық хаб ретінде терең өңдеуге байланысты жобаларды аштық.

Целиноград және Аршалы аудандары елордаға жақын болғандықтан бұл өңірлердің дамуына ерекше екпін беріліп отыр. Алайда, шалғайда жатқан елдімекен тұрғындарының жағдайы мәз емес. Мәселен, Ерейментау ауданының халқы ұзақ жыл сапалы ауыз суға жарымай келеді. Оған қоса, жолдың жай-күйі де алаңдатып отыр. Сол себепті ауыл тұрғындарының елдімекеннен жаппай көшу тенденциясы байқалады. Жиын барысында облыстық мәслихаттың депутаты Бекім Әкімов өңір тұрғындарын толғандырып жүрген мәселені көпшілік талқысына салды.  

–Ауыл халқының үдере көшіп жатқандығы шындық. Ертең ауыл шаруашылығымен айналысатын қожалықтарда жұмысшы қалмайды, – деді облыстық мәслихаттың депутаты Бекім Әкімов, – алдымен ауылға жағдай жасалу керек.

«Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында бой көтерген білім ошақтары да жиын барысында талқыланды. Келер жылы мектептер үш ауысымды білім беру жүйесіне қайтадан оралуы мүмкін. Себебі, шалғайдағы білім ордаларының жағдайы мүшкіл.

 Ақмола облысы

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025