Футбол • Бүгін, 15:57

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан қазақстандық клубтар

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның футбол клубтары 2002 жылдан бері UEFA мүшелігіне енген. Мұндай мүшелік футбол ұжымдарына Чемпиондар лигасының негізгі кезеңдерінде бақ сынау үшін іріктеу турнирлеріне қатысуға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан қазақстандық клубтар

Фото: Ашық дереккөзден

Бұған дейін еліміздің аяқдоп шеберлерінен құралған командалар арасында алғаш болып  2015/16 жылғы маусымда «Astana» футбол клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде доп тепті. Елордалық клуб кипрлік АПОЭЛ-ді жалпы есепте 2-1 есебімен жеңіп тарихқа түрең салған еді.

Ал топтық кезеңде «Astana» әлемнің алпауыт командалары испандық «Атлетико Мадрид», түркиялақ «Галатасарай» мен португалияның «Бенфика» футбол клубтарына қарсы жасыл алаңға шықты.

«Astana» өз алаңында Гризманн, Фернандо Торрес бастаған «Атлетико Мадридпен»  0-0 есебімен тең түсіп, жарқын эмоция сыйлағаны жанкүйерлер есінде болса керек?! «Astana» топтық кезеңнің өз алаңында өткен матчтарында «Галатасарай», «Бенфикамен» де тең түскен болатын.

пп

Ал жаңа тарих биыл жазылғалы тұр. Он жылға жуық үзілістен кейін «Қайрат» командасы клубтық трофейдің негізгі кезеңіне жолдама алды. «Қайраттың» трофей жолындағы тағдыры шотландиялық «Сельтикпен» пенальти сериясы арқылы шешілді. Шешуші матчта «Қайраттың» жас қақпашысы Темірлан Анарбеков 3 бірдей соққыны сәтті тоқтатты.

«Қайраттың» қарсыластары 28 тамызда Монакода Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі бойынша өткен жеребеде анықталды. Нәтижесіндде «Қайрат» «Реал» (Мадрид), «Интер» (Милан), «Арсенал» (Лондон), «Брюгге», «Спортинг» (Лиссабон), «Олимпиакос», «Пафос» және «Копенгаген» клубтарымен бір топқа түсті. Оның төртеуі Алматыда, ал қалған төртеуі сырт алаңда өтеді.

Алматылық клуб өз алаңында «Реалды», «Брюггені», «Олимпиакосты» және «Пафосты» қабылдаса, сырт алаңда «Интер», «Арсенал», «Спортинг» және «Копенгагенмен» ойнайтыны белгілі болған.

70 жылдық тарихы бар отандық команда Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчын өткізіп үлгерді. Клуб бұл лигадағы дебютінде 4-1 есебімен есе жібергенмен, ойын барысындағы «Спортинг» капитаны Мортен Юльманның 11 метрлік соққысынан қақпасын қорғап қалуы жанкүйерлерді тәнті етті. Алматылық клубтың есебіне жазылған жалғыз голды Эдмилсон 86-минутта салды.

вв

Жасыратыны жоқ жанкүйерлер «Қайраттың» келесі қайратты қарсыласы корольдік клубпен ойынды асыға күтіп отыр. Отандастарымыз Чемпиондар лигасының 15 дүркін чемпиондарымен  алмалы шаһардың «Орталық стадионында» 30 қыркүйек күні кезекті матчын өткізеді.

Маңызды мачты «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары 21:45-те тікелей эфирде көрсетеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Семей-Астана тасжолы тазаланды

«Таза Қазақстан» • Кеше

Жылумен қамту - жауапты міндет

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Алматыда дәмхана өртенді

Төтенше жағдай • Кеше