Энергетика • Бүгін, 12:30

Атом электр станциясына атау беру үшін конкурс жарияланды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша жалпыхалықтық конкурс басталды, деп жазады Egemen.kz.

Атом электр станциясына атау беру үшін конкурс жарияланды

Әрбір қазақстандық өз нұсқасын eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ұсына алады. Қосымшаның басты парақшасында «АЭС-ке атау ұсыныңыз» баннері орналастырылған. Сондай-ақ пайдаланушыларға конкурстың басталғаны жөнінде push-хабарлама жіберіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастаманың негізгі мақсаты – болашақ станцияға тарихи, мәдени және ұлттық құндылықтарды айқын көрсететін атау таңдау.

Конкурсқа қатысу үшін қосымшада тілді таңдап, атау нұсқасын енгізу қажет. Қалаған жағдайда атаудың мағынасына қысқаша түсініктеме беруге болады. Сонымен бірге қатысушы конкурстың ресми қағидаларымен танысқанын растауы тиіс.

Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 10 қазан күні сағат 23:59-ға дейін жалғасады. Қағидалармен Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің ресми сайтында және ведомствоның әлеуметтік желідегі парақшаларында танысуға болады.

Ұйымдастырушылар барша азаматтарды еліміздің энергетика саласының тарихына үлес қосып, Қазақстанның алғашқы атом электр станциясына атау таңдауға белсенді атсалысуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Семей-Астана тасжолы тазаланды

«Таза Қазақстан» • Кеше

Жылумен қамту - жауапты міндет

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Алматыда дәмхана өртенді

Төтенше жағдай • Кеше