
Сапар аясындағы жиында тұтас мұсылман жұртының тарихи мұрасына айналған ескерткіштерді Ислам әлемінің мәдени мұралар тізіміне енгізу мәселесі қаралды. Салем бин Мохаммед осы қадам арқылы Шымкент қаласының мәдени құндылықтарын халықаралық деңгейде танытуға және қорғауға мүмкіндік туатынын жеткізді.
Жалпы айта кеткен жөн, Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ISESCO) — 1979 жылы құрылған құрылым. Ол сондай-ақ Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына қарасты мамандандырылған халықаралық ұйым болып саналады. Ол мүше мемлекеттер арасында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуды көздейді.