Руханият • Бүгін, 00:27

Абай облысында «Жыл кітапханашысы» анықталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Гүлмира Аязбаева Қазақстан кітапханалары Одағының шешімімен «Жыл кітапханашысы – 2025» номинациясына ие болды, деп жазады Egemen.kz.

Абай облысында «Жыл кітапханашысы» анықталды

Марапат Шымкент қаласында өткен «Қазақстан кітапханалары: кітап оқу мәдениеті, жасанды интеллект және цифрландыру» тақырыбында өткен көшпелі отырыс аясында салтанатты түрде табысталды. Жиында Гүлмира Мұратқызы «Жергілікті қаламгерлер шығармашылығы – кітапханалар қорын толықтыру көзі ретінде» тақырыбында баяндама жасап, Абай кітапханасының іс-тәжірибесін бөлісті. Облысқа қарасты кітапханалардың кітап қорларын толықтыру жұмысы туралы баяндады.

– Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында бүгінде 400 мыңға жуық кітап қоры бар. Оның ішінде 5 мыңнан аса кітапты сирек басылымдар қоры құрайды. Кітаптардың 1 500-ге жуық данасы цифрландырылып, пайдаланушыларға ұсынылған. 20 мыңға тарта тұрақты оқырман жыл сайын кітапхананың қызметін пайдаланады. Бүгінде кітапхана қызметкерлері «Абай жолы» кітапханасы, «Алаш» сынды ірі жобаларды жүзеге асырып, ұлттық мұрамызды насихаттауға елеулі үлес қосып отыр, – дейді жыл кітапханашысы.

Тағы бір айта кетер жайт, Абай кітапханасы биыл мамыр айында «Рухани қазына – 2025» фестивалі аясында «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана» номинациясын жеңіп алып, 1 млн теңге көлеміндегі жүлдеге ие болған еді.

Абай облысы

Соңғы жаңалықтар

Семей-Астана тасжолы тазаланды

«Таза Қазақстан» • Кеше

Жылумен қамту - жауапты міндет

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Алматыда дәмхана өртенді

Төтенше жағдай • Кеше