Жұмысшы мамандықтар жылы • 24 Қыркүйек, 2025

«Еңбек жолы - 2025» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

460 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында Жұмысшы мамандықтар жылына орай дәстүрлі республикалық «Еңбек жолы - 2025» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталып, салтанатты түрде марапатталды, деп жазады Egemen.kz.

«Еңбек жолы - 2025» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бастамасымен еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізіліп келе жатқан бұл конкурс еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған.

Биылғы  «Еңбек Жолы» конкурсының облыстық кезеңіне барлығы 38 үміткер қатысып, өз еңбегімен өңір дамуына  Оның ішінде: «Үздік еңбек әулеті» номинациясына – 7 үміткер, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясына – 14 үміткер, «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясына – 17 үміткер бақ сынады.

Конкурстық комиссия отырысының шешімімен үш номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Республикалық конкурсқа біздің облыстың атынан қатысатын номинанттар:

- «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Таскалиевтер әулеті;

- «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша Метекесов Қоблан Рысқалиұлы;

- «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша Игимова Нейля Амирбекқызы.

Салтанатты жиында облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысушыларды құттықтап, еңбектің қоғамдағы орны мен маңызына тоқталды:

– Мемлекет басшысының бастамасымен ағымдағы 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануы – маңдай терімен ел дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамын ардақтауға бағытталған тарихи қадам, – деді аймақ басшысы.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. Енді олар «Еңбек жолы» республикалық байқауына облыс атынан қатысып,  Батыс Қазақстанның еңбек адамын баршаға танытпақ.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025