
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Ал чемпион атану мәртебесін бейтарап ел спортшысы Тимофей Гук 1:06.51 секундта иеленсе, үшінші орын украиналық Алексей Фединаға 1:06.99 уақытымен бұйырды.
Бұл Нұрдаулет Жұмағалидің әлем чемпионаттарындағы үшінші күміс медалі. Бұған дейін ол 2022 жылы Мадейрада және 2023 жылы Манчестерде жүлдегер атанған болатын.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 21–27 қыркүйек аралығында өтіп жатыр. Байрақты жарысқа 75 елден шамамен 600 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан атынан 7 спортшы сынға түсіп отыр. Бұл турнир Лос-Анджелес 2028 Паралимпиада ойындары алдындағы жаңа паралимпиадалық циклдің алғашқы ірі жарысы ретінде өткізіліп отыр.
Қазіргі таңда елімізде 19 паралимпиадалық спорт түрі дамып келеді, жыл сайын 800-ден астам іс-шара ұйымдастырылады.