Қоғам • Бүгін, 15:55

Өңірлерде жылыту жұмыстары белгіленген мерзімге сәйкес басталады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің барлық өңірінде жылыту маусымы жоспарға сәйкес іске қосылады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан  Ертаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Өңірлерде жылыту жұмыстары белгіленген мерзімге сәйкес басталады

Фото: Ашық дереккөз

Оның айтуынша, қазір елімізде алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Павлодар облысында жылыту маусымы әлдеқашан басталып кеткен. Алдағы күндері солтүстік аймақтарда – Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарында жылу беру жұмыстары жолға қойылады. Қалған өңірлерде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу ауа райының салқындауына қарай белгіленген мерзімде беріледі.

«Электр станцияларының дайындығына келер болсақ, алдағы жылыту маусымына дайындық аясында жүйелік оператор бекіткен кестеге сәйкес 10 энергоблокқа, 63 қазандыққа, 39 турбинаға жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі таңда 6 энергоблок, 29 қазандық және 16 турбинаға жөндеу жұмыстары аяқталды», деді Ертаев.

Сонымен қатар электр желілері мен инфрақұрылым да ретке келтіріліп жатыр. Барлығы 17 мың шақырым желі мен 420 қосалқы станцияны жөндеу жоспарланған болса, бүгінгі күнге дейін 16 мың шақырымнан астам электр желісі (жылдық жоспардың 94%-ы) және 373 қосалқы станция (89%-ы) жаңартылған. Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Ержан Ертаев атап өткендей, Комитеттің аумақтық департаменттері апта сайын өңірлерге шығып, энергетикалық кәсіпорындардағы дайындық барысына тұрақты түрде бақылау жасап келеді.

 

Соңғы жаңалықтар

2,4 миллиард несие берілген

Шаруашылық • Кеше