Технология • 24 Қыркүйек, 2025

Екі бағыттағы пойызға Starlink интернеті орнатылады

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы айларда №33/34 «Ақтөбе – Алматы» және №21/22 «Қызылорда – Семей» бағытындағы пойыздарда Starlink технологиясы арқылы интернет қолжетімді болады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Екі бағыттағы пойызға Starlink интернеті орнатылады

Фото: rail-news.kz

Starlink интернеті орнатылған пойыз жолаушылары мессенджерлер арқылы байланысу, сапар барысында қашықтан жұмыс істеу, сондай-ақ онлайн-табло, мультимедиялық жүйе және қолма-қол ақшасыз төлем қызметі сияқты қосымша сервистерді пайдалана алады.

Бұған дейін «Астана – Бурабай курорты» бағыты бойынша жүретін №888/887 «Burabay Express» электропойызына осындай интернет орнатылған. Компанияның мәліметінше, бұл құралдың тиімділігі дәлелденген. Сондай-ақ, пилоттық режимде №67/68 «Астана – Өскемен» және №3/4 «Астана – Алматы» бағытындағы «Тальго» пойыздарында төмен орбиталы жоғары жылдамдықты спутниктік интернетті іске қосылған. Бүгінгі дейін осы үш бағытта 100 мыңнан астам жолаушы интернет қызметін пайдаланған. 

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12