
Павлодар облысы жедел медициналық жәрдем стансасының хабарлауынша, 23 қыркүйек күні сағат 15:00 шамасында ЖЭО-2-ге шақырту түскен. Бригада 9 минут ішінде оқиға орнына жеткенімен, зардап шеккен адам дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған.
Жұмысшының қаза тапқанын еңбек инспекторлары да растады. Олар жағдайдың мән-жайы тексеріс барысында анықталатынын атап өтті.
«Павлодарэнерго» АҚ-ның ЖЭО-2 станциясында жұмыс барысында қайғылы оқиға орын алды. Нәтижесінде 1992 жылы туған 4-разрядты дәнекерлеуші алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті.