
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. 24 қыркүйекте облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
24 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
24 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Абай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.