Әскер • Кеше

Қарулы Күштер маңғыстаулық сарбазға қатысты түсініктеме берді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда психикалық денсаулық орталығына жатқызылған сарбазға қатысты құзырлы орган жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

Қарулы Күштер маңғыстаулық сарбазға қатысты түсініктеме берді

ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған сарбаз әскери бөлімге келген сәттен бастап, командирлермен және психологпен әңгімелесу барысында, бірнеше рет әскери қызметті өткергісі келмейтінін білдірген.

— 2025 жылғы 15 қыркүйекте Ш. қатардағы сарбаз «психикалық бұзылыстар» алдын ала диагнозымен Ақтау қаласындағы психоневрологиялық диспансерге госпитализацияланды. Бұл туралы әскери қызметшінің ата-анасына хабарланды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қатардағы сарбаз Ш.-ға қатысты ықтимал заңсыз әрекеттер фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада. 

ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сарбазды тереңдетілген медициналық тексеруден өткізу үшін, Астана қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталіне жіберу жоспарланып отыр.

— Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін расталмаған ақпарат пен негізсіз пікірлер таратудан бас тартуға шақырамыз, — делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар

2,4 миллиард несие берілген

Шаруашылық • Кеше