«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:12

Тәрбие басы – тазалық

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Таза Қазақ­стан» республикалық экологиялық акциясына» орай ұйымдастырылып, облыс аумағын­да тазалық жұмысы жалғасын тапты.

Тәрбие басы – тазалық

Сурет: gov.kz

Қазір жұртшылық жиі-жиі ұйымдастырылатын сен­­білік­терге бой үйретіп келеді. Бас­­тапқыда «Қызылорданың желі бүгін жинағаныңды ер­тең шашады, біздікі осы не әуре?» дегендер де табылмай қалған жоқ. Бірақ жүйе­лі ұйым­дастырылған іс бұл се­кемді де сейілтті. Жиналған қоқыс арнайы орынға жедел жеткізілгені бұл істің көз алдау үшін жасалмағанын көр­сетіп, мұнтаздай көшелер мен жинақы бақтар мен гүл­зар­лар тәрбие мен тәртіп басы тазалық екенін дәлелдей түсті.

Облыс орталығындағы «Отан қорғаушылар» аллеясында «Таза Қазақстан – таза аймақ» атты экологиялық акция өтіп, оған белсенді жастар, еріктілер, «Ama­nat» партиясы жанындағы «Жас­тар рухы» жастар қанаты мен облыстық, қалалық жастар ре­сурстық ор­талықтарының өкіл­дері қатыс­ты. Акция аясында елуге жуық жас аллея аумағын қоқыстан, құрғақ бұтақтар мен түс­кен жапырақтардан тазартты.

«Ортақ іске үлес қосқандар көп. Жұртты жақсы­лық­қа жұмылдырған мұндай баста­малардың өске­лең ұрпақты табиғатты аялау­ға тәрбиелеудегі маңызы ерек­ше», дейді облыс­тық Жастар ресурстық орталы­ғының директоры Әліби Басаров.

Бұл күні қаладағы Саяхат шағын ауданында да сенбілік ұйымдастырылып, жауапты сала өкілдерінен бөлек, маңай тұр­ғындары да ортақ іске жұмылды. 

Қаладағы Денсаулық және демалыс саябағында да кең көлемді сенбілік ұйым­дас­тырылды. Об­лыс­тық бас­қармалар мен мекеме­лер­д­ің қызметкерлері, жас­тар ұйымдарының белсен­ділері, еріктілер, сондай-ақ қала тұрғындары қатысқан сенбілік барысында саябақ аумағындағы қоқыс жина­лып, ағаштардың түбі қопсы­тылып, жасыл желек суа­рылды. Жаңадан жас көшеттер отырғызылып, гүлзарлар ретке келтірілді. Осын­дай бастамалар барлық ауданда ұйымдастырылып, жол жиектері мен жаяу жүр­гіншілер жолдары, қоғамдық орындар тазартылып, ретсіз өскен шөптер шабылып, қураған бұтақтар кесілді.

Жастар белсенділері сен­білік кезінде экологиялық мәдениетті кеңінен сөз етіп, табиғатты қорғаудың маңыз­дылығын түсіндіріп жүр. Олар жұртшылық арасында қоршаған ортаның тазалығын сақтау әр азаматтың міндеті екенін, мұн­дай іс-шаралар тек сенбілік күн­дері ғана емес, күнделікті әдет­ке айналуы керектігін насихаттайды.

 

ҚЫЗЫЛОРДА