Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

«ChatGPT» сырласы – келіншектер

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«OpenAI» 1,5 миллионнан астам «ChatGPT» қолданушысын талдап, қызықты деректерді жариялады. Зерттеу нәтижесі бойынша, сервисті ең белсенді қолданатындар – келіншектер екен.

«ChatGPT» сырласы – келіншектер

Ал жасалған сұраулардың 73 пайызы же­ке өмірге қатысты екені анықталған. ­Яғни адамдар «ChatGPT»-ден көбіне махаб­бат, қарым-қатынас, психология, денсау­лық, жеке даму сияқты тақырыптарда кеңес сұрайды. Қолданушылардың аз бөлігі ғана жұмысқа, оқу мен ресми міндеттерге пайдаланады. Мамандардың айтуынша, бұл нәтиже жасанды интеллектінің күнделікті өмірдің серігіне айналып келе жатқанын көрсетеді. Адамдар оны кеңесші, сырлас немесе көмекші ретінде қабылдайды.