
Білім-біліктілік сайысында Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем станциясының фельдшерлік бригадасы балаларға реанимация көрсету кезеңінде бірінші орынға ие болды. Чемпионатқа орта буын персонал дәрігерсіз қатысты. Дегенмен фельдшерлер тобы кәсіби шеберліктерінің арқасында үздік команда атанды. Сөйтіп жалпы қорытынды бойынша Шымкент бригадасы 5 орынға тұрақтады.
Айта кету керек чемпионаттың басты мақсаты – жедел жәрдем қызметкерлерінің білімін арттыру, кәсіби тәжірибесін шыңдау және медициналық көмектің сапасын жақсарту болып табылады. Мұндай жарыстарда мамандар тәжірибе алмасып, күнделікті жұмыста қажетті озық дағдыларды меңгереді. Сондай-ақ жергілікті бригадалар республикалық чемпионаттарға белсене қатысып, жылдан-жылға жақсы нәтижелер көрсетіп келеді дейді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының жауапты өкілдері.