Әлем • Бүгін, 14:59

Ким Чен Ын АҚШ-пен келіссөз жүргізуге дайын екенін айтты

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын егер Вашингтон ядролық қарусыздандыру талабынан бас тартса, Америка Құрама Штаттарымен келіссөз жүргізуге әзір екенін жеткізді. Бұл туралы ВВС Кореяның орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ким Чен Ын АҚШ-пен келіссөз жүргізуге дайын екенін айтты

Сондай-ақ Ким Чен Ын Америка басшысымен соңғы рет 2019 жылы кездескенін еске алып, президент Дональд Трамп туралы жылы лебізін білдірді.

Оңтүстік Кореямен қарым-қатынас мәселесіне тоқталған ол Пхеньянның Сеулмен келіссөз жүргізбейтінін және оңтүстікпен бірігуге мүдделі емес екенін жария етті.

Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония Freedom Edge атты бірлескен әскери жаттығуларды бастаған болатын. Бес күнге жалғасатын бұл оқу-жаттығулар 15-19 қыркүйек аралығында Чеджу аралының шығысы мен оңтүстігіндегі халықаралық су айдындарында өтіп жатыр.