Оқиға • Бүгін, 11:45

Ірі көлемде қаржы жымқырған құрылыс компаниясының басшысы Ресейден экстрадицияланды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Бас прокуратурасы жолдаған сұрау салу нәтижесінде Ресей Федерациясы аумағында ұсталған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды. Ол бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ірі көлемде қаржы жымқырған құрылыс компаниясының басшысы Ресейден экстрадицияланды

Фото: Ашық дереккөз

Тергеу деректеріне сәйкес, құрылыс компаниясының басшысы болған бұл азамат 2020–2022 жылдары серіктестерімен алдын ала келісіп, жалған келісімшарттар жасасқан. Қаржыны аффилирленген ұйымдар арқылы аудару арқылы ол «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының еншілес компаниясынан 8,5 миллиард теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген.

«Аталған қаражат Ақмола облысында жел электр станциясын салуға арналған болатын. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Осы жылдың ақпан айында ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды», деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Аталған іске қатысы бар өзге адамдар мамыр айында сот үкімімен түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай құқық бұзушылық үшін мүлікті тәркілеу жазасымен қатар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.