21 Наурыз, 2015

АҚШ-та суға құлаған машина ішінде 14 сағат жатқан қыз тірі қалды

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20-03-15-USA-mashina-1

АСТАНА. 21 наурыз. АҚШ-та өзенге құлаған машинаның кабинасында 14 сағат қамалып жатқан бір жарым жасар қыз тірі қалды. Бұл туралы gazeta.ru хабарлады. «Американың Юта штатында өзеннің арнасына құлап кеткен машина кабинасында 14 сағат жатқан 18 айлық қыз тірі қалған», - делінген хабарламада. Су астына батып жатқан жеңіл көлікті жергілікті балықшы көріп қалыпты. Ол сосын дерек құтқары қызметіне қоңырау шалады. Полиция лейнетанты Мэтт Джонсонның айтуына қарағанда, аударылып жатқан машинаның ішінен кішкентай қыз табылған. Мұнда бір жарым айлық Лили Гросбек көліктегі креслолағы таңылған күйі басын төмен қаратып қалған. Кабинаның ішіне ақырын кіріп жатқан салқын суда ол 14 сағатқа жуық тұрған. Ал қыздың 25 жастағы анасы Линн Гросбекті полицейлер өлі қалпында жүргізушінің орындығынан көрген. Қыз дереу ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның тұрақты ауыр деп бағалаған. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталып жатыр. Полицейлердің болжасынша, автомобильдің тежегіші істемей қалған. Мұрат Айтқожа.