20 Наурыз, 2015

Үш елдің Президенттері Назарбаев орталығында болды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20-03-15-luk_naz_put-2

АСТАНА. 20 наурыз. Бүгін Қазақстан, Ресей және Беларусь Президенттері Назарбаев орталығында болды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Мемлекеттер басшылары мұнда «Әлемді өзгертетін идеялар» интерактивті білім беру орталығының жұмысымен танысты. Астана қаласының мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері үш елдің көшбасшысына Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Болашақ» халықаралық стипендиясы сияқты бірегей жобалар туралы, сондай-ақ республиканың стратегиялық даму бағдарламалары жөнінде айтып берді. Сонымен қатар, Владимир Путин мен Александр Лукашенкоға екі бөліктен тұратын электрондық кітапхана таныстырылып, оқырман билеттері табыс етілді. Сәкен Майлыбай.