Президент • 16 Қыркүйек, 2025

Президент Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен әңгімелесті

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қ.Тоқаев Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен саланың жай-күйі, шаруалардың жетістіктері, сондай-ақ қордаланған мәселелері жөнінде әңгімелесті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен әңгімелесті

Фото: Ақорда

«Биыл ауа райы қолайлы. Үкімет қолдау көрсетіп отыр. Жанар-жағармаймен қамтамасыз етіп, алдын ала жеңілдетілген несие беруде. Астық түсімі жақсы болады деп ойлаймыз. Баршаңызға табыс тілеймін. Жолдауда атап өткенімдей, басты міндет – ауыл шаруашылығында терең өңдеу өндірісін дамыту. Былтыр ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 8 триллион 250 миллиард теңгені құрады. Бұл көп те, аз да емес. Өңірдегі басқа елдермен салыстырғанда ауыл шаруашылығы жақсы нәтижеге қол жеткізді. Бірақ ішкі жалпы өнім көлеміне шаққанда, бұл 6 пайыз ғана. Яғни экономикадағы ауыл шаруашылығының үлесін арттыру қажет. Ауыл шаруашылығы – біз үшін табысты сала. 12 миллион тонна бидай экспорттау әлеуеті – өте жоғары көрсеткіш. Қазірдің өзінде астықты Еуропа елдері сатып алып жатыр. Жолдауда айтқанымдай, астықтың алғашқы легі, шамамен 15 мың тонна бидай Вьетнамға жолданды», деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар

Семейде ерекше кешен ашылды

Аймақтар • Бүгін, 10:35