Қоғам • Бүгін, 10:09

Астанада көмірдің орташа бағасы қанша?

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада көмір сатуға арналған 17 қойманың 14-і халыққа қызмет көрсетіп отыр. Барлық сату орындары тиеу-түсіру техникасымен және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада көмірдің орташа бағасы қанша?

Фото: Ашық дереккөз

Қала әкімдігінің хабарлауынша, көмір сату орындарында 8 жеткізуші компания өз қызметін көрсетеді. Олар келесі мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1; Герцен көшесі, 6/2; Көктал, 28/2; Мақат, 40; Жамбыл Жабаев көшесі, 76; Ахмет Жұбанов көшесі, 35; Дулатов көшесі, 182/1; 85-көше (ЖЭО-3 ауданы), уч. 9А; Герцен көшесі, 6Б.

Қазіргі уақытта Астанада көмір бағасы орта есеппен мынадай деңгейде:

  • Шұбаркөл – 18 000 теңге/тонна;
  • Қаражыра – 18 500 теңге/тонна;
  • Майкөбе – 15 500 теңге/тонна.