
Shymkent Hub орталығында да дарынды жастар бас қосып, бақ сынауда. Орталықтың аймақтық менеджері Құрманғазы Мұратовтың айтуынша, кезекті хакатонға IT саласына қызығушылығы бар 171 команда қатысуда.
— Қатысушылар жасанды интеллект пен блокчейн тақырыптары бойынша тапсырмаларды орындап, жаңа жобалар ұсынуы тиіс. Олар өзекті мәселелердің тың шешімдерін, инновациялық идеяларын таныстыруы керек, — деді ол.
Байқаудың жалпы жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын құрайды.
Бұған дейін Шымкентте Орта Азияда алғаш рет әлемдік блокчейн индустриясының ең ірі хакатондарының бірі — Decentrathon 2 өткен болатын. Қалалық цифрландыру басқармасының қолдауымен кейінгі жылдары түрлі форумдар мен іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
Кезекті хакатон IT саласын дамытуға, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға өз септігін тигізбек.