Медицина • Бүгін, 11:37

 Қостанайда «Құқықтық дәріхана» жобасы басталды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда «Құқықтық дәріхана» әлеуметтік жобасы басталды. «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында қолға алынған жобаны  прокуратура мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің облыстағы департаменті ұйымдастырып отыр, деп жазады Egemen.kz.

 Қостанайда «Құқықтық дәріхана» жобасы басталды

Жобаның алғашқы күні «Mart» сауда-ойын-сауық орталығында заң мамандары тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес берді, «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы өтініштерді қарау тәртібін түсіндірді.  

Сонымен қатар Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық буклеттер таратты.

Жобаның мақсаты – азаматтарға, әсіресе мемлекеттік органдарға сирек жүгінетін немесе құқықтық көмекке зәру адамдарға қолдау көрсету.

Іс-шара шеңберінде прокурорлар халық жиі кездесетін құқықтық мәселелер туралы дерек жинайды және оны талдайды.

«Бұл бізге күрмеулі мәселелерді анықтауға және оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыруға көмектеседі», дейді облыстық прокуратураның өкілдері.

Қостанай облысы