
Зерттеу нәтижелері мұндай құрылымдардың небәрі 63 дана орнату арқылы 1 МВт-ға дейін энергия өндіре алатынын көрсеткен. Ең басты артықшылығы – экологияға зиян келтірмеу. Егер жерге жайғасқан күн панельдері үшін үлкен аумақ қажет болса, «күн ағаштары» сол қуатты небәрі 1% жер көлемін пайдалана отырып бере алады. Бұл тәсіл орман алқаптарының 99%-ын сақтап қалады. Мамандардың пікірінше, жаңа технология қалалар мен ауылдық жерлерде баламалы қуат көзін дамытудың тиімді шешімі.