
Назарбаев университеті жанындағы Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының зерттеушілері «Mangitas» атты жоғары өнімділікке ие инференс-серверін жасады. Бұл құрылғының басты ерекшелігі – жасанды интеллект жүйелерін толықтай жергілікті деңгейде қолдануға мүмкіндік беруінде. Яғни «Mangitas» арқылы мектептерде, мемлекеттік мекемелерде, басқа да маңызды салаларда деректерді өңдеу бұлттық сервистерге тәуелсіз жүргізіледі. Бұл бір жағынан деректердің құпиялылығын сақтап, қауіпсіздігін күшейтсе, екінші жағынан интернетке тәуелділікті азайтады.