Төтенше жағдай • Бүгін, 16:55

Ауғанстанда зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеп жүр

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстанда өткен айдың соңында болған алапат жер сілкінісінен кейін мыңдаған тұрғын баспанасыз қалып, ашық далада түнеуге мәжбүр. Халықаралық миграция ұйымының мәліметінше, олар азық-түлік пен дәрі-дәрмекке зәру, деп жазады Egemen.kz.

Ауғанстанда зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеп жүр

Ұйым дерегіне сай, қираған аудандардағы 134 мыңнан астам адамды уақытша шатырларға орналастырып, шұғыл медициналық қызмет көрсету үшін 16,8 миллион доллар жәрдем қажет.

Тамыздың 31-інде тіркелген 6 балдық зілзала салдарынан 2200 адам қаза тапты. Жеті мыңға жуық үй қирап, жарты миллионға тарта халық зардап шекті.

Айта кетсек, биылдың өзінде бұл елге көрші Иран мен Пәкістаннан 1,7 миллион адам депортацияланды. Бұған қоса, 800 мыңға жуық ауған азамат өз елінің ішінде босып жүр. Біріккен Ұлттар Ұйымы олардың да шұғыл гуманитарлық көмекке мұқтаж екенін хабарлады.