Оқиға • Бүгін, 16:50

Алматы облысында жарылыстан үш адам қаза тапты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Іле ауданында металл қабылдау бекеттерінің бірінде қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы облысында жарылыстан үш адам қаза тапты

Облыстық полицияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазір қылмыстық іс қозғалды. Белгісіз заттың жарылуы салдарынан үш адам қаза тапты.

«Оқиға орнына дереу төтенше жағдайлар қызметі: полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі жетті. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ведомстводан.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Барлық тергеу әрекеттері заңға сәйкес қатаң түрде жүргізіледі.