
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
60 келіде ел намысын қорғайтын отандасымыз жартылай финал жолдамасын өзбекстандық Ситора Турдыбекова қарсы сарапқа салды.
Тартысқа толы жекпе-жекте Виктория Графеева 4:1 есебімен басым болды. Осылайша ол жартылай финалда бақ сынауға мүмкіндік алды. Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі финалға шығу үшін бразилиялық Ребека де Лима Сантосқа қарсы жұдырықтасады.