
Жыл басынан бергі некеге тұру рәсімдерінің бәрі заңда белгіленген тәртіппен АХАЖ органдары қызметкерлерінің қатысуымен және түзеу мекемесі әкімшілігінің көмегімен өткен.
ҚАЖ Департаменті өкілдерінің айтуынша, некеге тұру құқығын іске асыру сотталғандардың келешегіне оң ықпал етеді. Олардың жаза мерзімін өтеп шыққаннан кейін, өмірге тез бейімделуіне, еңбекке араласуына, отбасы жылуын сезініп, ата-ана жауапкершілігін мойнына артуына тірек болады. Сондай-ақ, олардың жеке жауапкершілігін қалыптастырып, жаза өтеу орындарындағы жанжалдар мен құқық бұзушылықтар деңгейін төмендетеді.
«Бізде мұндай іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Мекеме әкімшілігі некені тіркеуге дайындалуға және ұйымдастыруға көмектеседі. Мұндай тәжірибе адамды қайта тәрбиелеу, түзеу үдерісіне оң әсер етеді және сотталғандардың жазасын өтегеннен кейін қоғамда толыққанды өмірге оралуына жағдай жасайды», деп мәлімдеді облыстық ҚАЖД-ның баспасөз қызметі.
Қостанай облысы