Аймақтар • Бүгін, 10:14

Құлсарыда салынып жатқан «Келешек мектебінің» шатыры құлады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы Құлсарыда «Келешек мектебі» салынып жатыр. Осы білім ордасының шатыры құлап қалды, деп жазады Egemen.kz.

Құлсарыда салынып жатқан «Келешек мектебінің» шатыры құлады

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның мәліметінше, мектептің құрылысын «Turan Ascent» ЖШС жүргізіп жатыр. Мектеп 1200 орынға есептелген. Құрылысты жыл соңына дейін аяқтау көзделген.

«Алдын ала мәлімет бойынша оқиғаның себебі құрылыс материалдарын дұрыс сақтамау және орналастыру талаптарының бұзылуынан болған. Атап айтқанда, спорт залының шатырына 6 тоннадан астам ауыр материалдар қойылып, конструкцияға зақым келтірген. Оқиғаға байланысты тапсырыс беруші тарапынан басшылық, техникалық және авторлық қадағалау өкілдері кіретін комиссия құрылды. Жобалық шешімдерге сәйкестігін және конструкциялардың көтеру қабілетін тексеру үшін арнайы техникалық сараптама ұйымы тартылды», деп хабарлады компаниядан.

Қорытынды шешімді сараптаманың нәтижесіне сәйкес қабылдау көзделіп отыр. Мердігер анықталған барлық кемшілікті жоюға міндетті болады.