Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Жымию денсаулыққа пайдалы

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғалымдардың зерттеуінше, әйелдер ер адамдарға қарағанда күніне екі есе көп жымияды екен. Орта есеппен әйелдер бір күнде 60–70 рет, ерлер небәрі 30–35 рет жадырайды.

Жымию денсаулыққа пайдалы

Психологтер мұны биологиялық та, әлеуметтік те ерекшеліктермен байланыс­тырады. Біріншіден, әйел ағзасындағы гормондар эмоцияны еркін білдіруге бейім етеді. Сондықтан олардың күлкісі мен жымиысы табиғи түрде жиі көрініс таба­ды. Екіншіден, қоғамдағы рөл де әсер етеді. Әдетте әйелдер отбасында да, қызметте де эмоционалдық байланыс орнатуға кө­бірек ұмтылады. Жымию – сенім тудыратын, қарым-қатынасты жеңілдететін әмбебап белгі. Қызығы, жымиюдың өзі адам денсаулығына да пайдалы екен. Жымиған кезде ағзада «қуаныш гормондары» саналатын эндорфин мен серотонин бөлінеді.