Елорда • Бүгін, 17:30

Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов көшесінің бір бөлігі жабылады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9-12 қыркүйек аралығында Қажымұқан Мұнайтпасов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан М. Жұмабаев даңғылына дейінгі аралығында жолдың жоғарғы қабаты төселеді. Осыған байланысты Қажымұқан Мұнайтпасов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп жазады Egemen.kz.

Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов көшесінің бір бөлігі жабылады

Фото: «КапиталСтройАспект» ЖШС

Бұл туралы Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады.

Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. 

вв