Әлем • Бүгін, 17:35

«Тапа» тайфуны Қытайда қауіп тудырып отыр

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың орталық метеорологиялық қызметінің хабарлауынша, биылғы маусымдағы 16-шы «Тапа» тайфуны дүйсенбі күні таңертең Гуандун провинциясының жағалауына жетті, деп жазады Egemen.kz.

«Тапа» тайфуны Қытайда қауіп тудырып отыр

Мамандардың дерегінше, құрлыққа соққан сәтте желдің екпіні секундына 30 метрге дейін күшейген. Алдағы 8–9 қыркүйекте провинцияның орталық және оңтүстік аймақтарында қатты нөсер күтіліп отыр. Кейбір өңірлерде жауын-шашын көлемі 250–280 миллиметрге жетуі ықтимал.

Қолайсыз ауа райына байланысты мектептердің жұмысы уақытша тоқтатылып, пойыз және паром қатынасы шектелді. Билік қауіпті аймақтардағы халықты қауіпсіз жерге көшіріп жатыр.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, тайфун солтүстік-батысқа қарай шамамен сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жылжып, келе-келе қуатын жоғалтады.