
«Бүгінгі басты проблема – жоғары инфляция. Ол экономикалық көрсеткіштердің өсімін де, халықтың табысын да «жеп» жатыр. Бұл мәселеге дайын шешім жоқ. Көптеген мемлекеттер осындай қиындыққа тап болып отыр, бірақ біздің жағдайда ол айрықша өткір сипатқа ие болды. Біз макроэкономикалық «шеңберден» шығуымыз қажет. Ол үшін бұрыннан қордаланған қиындықтарды еңсеріп, озық тәжірибені ескеріп, қажет болса, халық арасында танымал емес шешімдер қабылдауға дайын болуымыз керек», деді Президент.
Мемлекет басшысы Үкімет пен Ұлттық банкке бұл мәселемен бірлесіп айналысуды тапсырды.
«Үкімет пен Ұлттық банк жағдайдың күрделілігін ескере отырып, бір команда ретінде жұмыс істеуі тиіс. Бұл – бүкіл ел үшін маңызды міндет. Қазір арқан тартатын уақыт емес», деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.