ЖОЛДАУ • Бүгін, 11:48

Еліміздегі ауқымды аэрогеофизика зерттеулері әбден ескірген - Тоқаев

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде ауқымды аэрогеофизика зерттеулері әбден ескірген. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздегі ауқымды аэрогеофизика зерттеулері әбден ескірген - Тоқаев

Фото: Ақорда

«Цифрлық құрадарды пайдалана отырып жер қойнауының заманауи картасын жасайтын уақыт келді. Мұндай қадам кен орындарының әлеуетін жаңа сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа да халықаралық сарапшыларды тартуға болады. Әрине, ғылыми негізі болмаса барлау жұмысын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы геологиялық барлау және жер қойнауын игеру саласындағы реформалардың заң жүзіндегі және іс жүзіндегі рәсімдерін жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. 

«Келесі жылдың ортасына дейін озық халықаралық стандарттарға сай сертификаты бар зертхана ашу керек. Оны Ұлттық геологиялық қызметтің базасында құрған жөн. Жер қойнауына қатысты мәліметтің бәрін, ең алдымен, жасанды интеллект технологиясын енгізу арқылы жүйелеп, цифрландыру қажет», деді Президент.