ЖОЛДАУ • Бүгін, 11:24

Президент: Цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейту қажет

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған биылғы Жолдауында цифрлық теңгенің маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Президент: Цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейту қажет

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

«Қазіргі таңда жобаларды Ұлттық қор есебінен қаржыландыру кезінде цифрлық теңгені қолданып жүрміз. Енді оның қолдану аясын одан әрі кеңейту қажет. Цифрлық теңгені республикалық және жергілікті бюджетте мемлекеттік холдингтердің бюджетінде пайдалануға болады», деді Президент. 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі заман талабына сай криптоактивтерге ерекше көңіл бөлу керегін атап өтті. Оның сөзінше, жаппай цифрландыру, соның ішінде - банк саласын цифрландыру көптеген пайда әкеледі, бірақ белгілі бір қауіп-қатерлерді де тудырады.

«Жаппай цифрландырудың соның ішінде банк саласын цифрландыру ісінің пайдасы көп екені сөзсіз. Бірақ оның қауіп-қатері де аз емес. Соңғы жылдары онлайн алаяқтық мемлекеттің және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігіне үлкен нұқсан келтіріп жатыр. Сондықтан кейбір қылмыспен күресі үшін антифрот орталығы құрылды. Биометриялық анықтау жүйесі енгізілді. Банктердің микроқаржы ұйымдары  және байланыс операторларының жауапкершілігі күшейді. Дегенмен, бұл мәселелерге үнемі жіті назар аудару керек», деді Мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ Президент құзырлы органдардың жұмысын ұдайы жетілдіріп, кейбір қылмыстардың алдын-алуға мүмкіндік беретін барынша интеллектуалды жүйе құру керек екенін, қажет болса тиісті заңға және құқық қорғау органдарының қызметіне өзгерістер енгізген жөн екенін атап өтті.