
Фото: Видеодан алынған кадр
Мемлекет басшысы өз сөзінде қазір дүниежүзінде инвестицияға талас күшейіп бара жатқанын атап өтті.
«Жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз қажет. Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын. Қаражаттың көбі шиказат салаларына құйылып жатыр. Жалпы бұл жаман емес. Осындай инвестициялар бізге қажет. Бірақ қазір алдымызда тұрған міндет басқа. Бұл өңдеу саласына көбірек қаражат тарту. Сондықтан Үкімет инвестиция тарту саясатына басқаша көзқараспен қарау керек. Қажет болса жоғары технологияларға салынатын инвестицияларға жеңілдік беруге болады», деді Президент.
Сондай-ақ Президент мемлекеттік инвестициясымен жеке бизнестің ірі бастамаларына бірдей назар аудару қажет екендігін айтты. Ірі инвесторлар қажет орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу қажет.
«Қаражаттың қай бағытқа қандай мақсатпен және қанша көлемде қажет екенін нақты білу қажет. Инвестицияға тапсырыс өндірістің сұранысына сай жасалуы керек. Еліміздегі инвесторлармен қарым-қатынас жүйесі күрделі әрі бытыраңқы. Қағазбастылық көп, түрлі органдардың құзыреттілігі қайталанады. Ал қазіргі күрделі ахуал кезінде инвестиция тарту кезек күттірмейтін мәселе. Бізге жаңа ұстаным керек», деді Мемлекет басшысы.