Бокс • Бүгін, 13:30

Бүгін әлем чемпионатының шаршы алаңына 2 боксшымыз шығады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 қыркүйек Ливерпульде әлем чемпионатының екінші жарыс күні өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін әлем чемпионатының шаршы алаңына 2 боксшымыз шығады

Фото: ҰОК

Жаһан жарысының күндізгі сессиясында қос боксшымыз бақ сынайды. 

57 келіде Карина Ибрагимова грекиялық Панагета Кузилумен жұдырықтасса, 65 келіде Аида Әбікеева Мажарстан өкілі  Лука Хаморимен өзара кім мықтыны анықтайды.

Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен 15: 00-де басталады. 

Әлем біріншілігінің алғашқы күні ел құрамасында Элина Базарова өзбек қызынан жеңілсе, Сағындық Тоғамбай англиялық қарсыласынан басым түсті.