АСТАНА. 20 наурыз. Футзалдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Қазақстан Португалия құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Аталған турнирде Қазақстан 7-топта Португалия, Румыния және Грузия құрамаларымен келесі кезең жолдамасын сарапқа салуда. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Ойынның үшінші минутында Португалия алға шықты. Нәтижелі соққының авторы – Рикардиньо. Үзіліске санаулы минуттар қалған кезде қарсыластарымыздың шабуылшысы Кардинал қызыл қағаз алып, алаңнан кетті. Дегенмен, бұл мүмкіндікті біздің футболшылар пайдалана алмады.
Қазақстан құрамасы есепті ойынның 28-минутында теңестірді. Әріптестерінен пас алған Николай Пенгрин Португалия қақпашысын қапы қалдырды. Бразилиялық маман Какаудан тәлім алатын футболшыларымыз арада 8 минут өткенде есепте алға шықты. Бұл жолы мергендігімен көзге түскен Михаил Першин болатын. Ал оған нәтижелі пас шығарған қазақ футболшысы Серік Жаманқұлов. Ойын соңында дейін таразы басын теңестіре алмаған Пиреней түбегінің өкілдері тәуекелге барды. Қақпашыны ойыншыға алмастырған олар шабуыл шебін күшейтті. Екінші голды соғуға деген ынтасы соншалық Португалия ойыншылары қорғанысты мүлдем қараусыз қалдырды. Кезекті соққылардың бірінде допты қағып алған Қазақстанның қақпашысы Игита бірден қарсыластың қақпасын нысанаға алды. Доп діттеген жерге дөп түсіп, Қазақстан үшінші голды соқты.
Біздің құрама үшін бұл осы турнирдегі алғашқы жеңіс. Әзірге қоржынымызда үш ұпай бар. Сондай-ақ, Португалия да осынша ұпайға ие. Топ басында 6 ұпаймен Румыния келеді. Грузияда әзірге ұпай жоқ.
Қазақстан соңғы матчты 21 наурыз күні грузиндерге қарсы өткізеді. Астана уақыты бойынша 21:00-де басталатын ойын біз үшін шешуші болмақ. Алғашқы кездесуде Румыниядан 4:6 есебімен жеңілген едік. Ал Португалия Грузияны 7:0 есебімен тас-талқан етіп жеңді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: kairat-futsal.kz.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:53
Қазақстанның екі дзюдошысы Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 17:22
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Бүгін, 16:40
Әскери дипломаттар Қытайда қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті
Қоғам • Бүгін, 16:32
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:40
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Бүгін, 15:10
Президент Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 14:50
Мәскеуде Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери парад басталды
Әлем • Бүгін, 14:31
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Бүгін, 14:03
Жоғарғы Сот төрағасы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Тағзым • Бүгін, 13:53
Мәулен Әшімбаев майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды
Тағзым • Бүгін, 13:40
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Қазақстан • Бүгін, 13:37
Франция елшілігі қазақ жауынгерлерінің рухына құрмет көрсетті
Қоғам • Бүгін, 13:07
Астанада құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған 5 адамды шығарып алды
Елорда • Бүгін, 12:28
Елена Рыбакина WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчты сәтті бастады
Спорт • Бүгін, 12:04