Мәдениет • Кеше

«Мәңгілік ғаламның бір сәті» көрмесі ашылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музей қабырғасында көрнекті суретші, мүсін шебері әрі зергер – Алекс Сорбонның жеке көрмесі ашылды. «Мәңгілік ғаламның бір сәті» деп аталған бұл өнер көрмесі – мегаполистегі мәдени өмірдің елеулі оқиғасына айналды, деп жазады Egemen.kz.

«Мәңгілік ғаламның бір сәті» көрмесі ашылды

Көрме – философия, өнер және дәстүрлі жапон қолөнерінің түйіскен тұсы. Алекс Сорбон туындыларында Арарэ мен Маки-э секілді көне зергерлік техникаларды қолдана отырып, заманауи тәсілдермен үндестік табады. Бұл – көнені құрметтеп, жаңаны таныған суреткердің шығармашылық мәнері.

Алекс Сорбон – халықаралық деңгейде мойындалған автор. Оның туындылары Третьяков галереясы сияқты жетекші арт-алаңдарда ұсынылған. 2017 жылы Мәскеу халықаралық өнер көрмесінің жеңімпазы атанған шебер бүгінгі таңда көне шеберлік пен заманауи бейнелеу тәсілін ұштастырып, жаңа эстетикалық кеңістік қалыптастырып жүр.

Көрменің ашылу салтанатында музей директорының музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары Арайлы Балаева авторды ұжым атынан құттықтап, Сорбон еңбектерін «мәдениеттер арасындағы жарқын диалогтың айғағы» ретінде атап өтті.

Жиын барысында қоғам, мәдениет және өнер қайраткерлері де жылы лебіздерін білдіріп, көрменің идеялық қуатына жоғары баға берді.

Көрмеге суретшінің таңдаулы 50-ге жуық туындысы қойылған. Ол 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін жалғасады.