Тағайындау • Бүгін, 16:18

Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» ММ басшысы болған Садырбаев Ерболат Алтынбекұлы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Ерболат Садырбаев 1982 жылы Жамбыл облысында туған. Білімі жоғары, мемлекеттік және жергілікті басқару докторы (PhD).

Әр жылдары жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдарда, сот жүйесінде, ҚР Президенті Іс Басқармасында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.