
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов әріптесі Ержан Бейсенбаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтағанын мәлімдеді. Ол «Ақ жол» партиясының шешімімен қызметінен кетті. Спикер оның еңбегіне ризашылығын білдіріп, депутаттық жұмысы үшін алғыс айтты.
Оның орнына Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен «Ақ жол» демократиялық партиясынан Олжас Нұралдинов депутат болып тіркелді. Ерлан Қошанов оның ресми түрде Мәжіліс құрамына қабылданғанын атап өтті.
Жаңа депутат алғашқы отырыста елге адал қызмет етуге, мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығын нығайтуға, Конституция мен заңдарды қатаң сақтауға және депутаттық міндеттерін адал орындауға ант берді.