Қылмыс • Кеше

Алматыда әйелдерді құлдыққа сатпақ болған қылмыстың жолы кесілді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы прокуратурасының, ҰҚК қала бойынша Департаментінің үйлестіруімен, сондай-ақ Интерполдың және Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшілігінің жәрдемдесуімен, Қазақстан Республикасының азаматшасын шетелге еңбекке пайдалану үшін заңсыз тарту және әкету әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасы мәлім етті.

Алматыда әйелдерді құлдыққа сатпақ болған қылмыстың жолы кесілді

— Зардап шегушінің ұзақ уақыт бойы «Ханифа» атты шетел азаматымен байланыста болғандығы анықталды, ол оған жұмысқа орналасу үшін Таяу Шығыс елдерінің біріне көшуді бірнеше рет ұсына отырып, тиімді жұмыс жағдайларын уәде еткен, — делінген хабарламада.

Әйел жақындарын хабардар етпестен, өз бетінше шетелге ұшып кеткен.

Оман Сұлтандығының халықаралық әуежайына келгеннен кейін, ол жедел іс-шараларының нәтижесінде ұсталып, сол күні Отанына қайтарылды.

— Алматы қаласының прокуратурасы шетелдерде жұмысқа орналасу туралы ұсыныстарды алған кезде азаматтар алаяқтармен адам сатушылардың құрбаны болмас үшін қырағылық танытулары және ақпараттың дұрыстығын тексерулері керектігін ескертеді, — деп ескертті прокуратурадан.