Аймақтар • Бүгін, 17:20

Оралдан Қарағандыға ұшақ реисі ашылады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 қыркүйектен бастап Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайдан Орал-Қарағанды жаңа бағыты бойынша рейс іске қосылады деп хабарлайды Egemen.kz

Оралдан Қарағандыға ұшақ реисі ашылады

Әуежайдың баспасөз қызметінің басшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, рейстер аптасына екі рет, сейсенбі және жұма күндері қатынайды.

Еліміздің батысын Орталық Қазақстанмен байланыстыратын рейсте билет құны мемлекет тарапынан жәрдемқаржы бөлініп, 25 мың теңге болады деп белгіленген екен. Жолаушыларға Scat әуекомпаниясы 50 орындық Bombardier CRJ-200 ұшақтарымен қызмет көрсетпек.

«Жаңа рейстер Батыс және Орталық Қазақстан арасындағы әуе қатынасының мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге, жолаушылардың ыңғайлылығын және өңірлер арасындағы іскерлік, туристік және мәдени байланыстарды қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Билеттер әуекомпанияның сайтында және әуебилеттерді сататын онлайн сервистерде сатылады», делінген әуежай баспасөз қызметі таратқан хабарламада.