
Фото: mayak1932.kz
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы шынайы жанкештілікпен көмек көрсетіп жүрген, табиғатты қорғауға, білім мен мәдениетті дамытуға, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға атсалысқан волонтерлерге табысталады.
15 номинация бойынша үздіктер анықталады:
- Үздік волонтерлік ұйым;
2. Корпоративтік волонтерліктің көшбасшысы;
3. Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшысы;
4. Үздік әлеуметтік көмекші;
5. Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін;
6. Із-түссіз жоғалған адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін;
7. Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін;
8. Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін;
9. Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін;
10. Білімді дәріптеуге қосқан үлесі үшін;
11. Қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға қосқан үлесі үшін;
12. Бейбітшілік, достық және келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін;
13. Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен дамытуға қосқан үлесі үшін;
14. Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін;
15. Әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін.
Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап 21 қыркүйекке дейін жалғасады. Өтінімді «Qazvolunteer.kz» сайты арқылы беруге болады.
Қосымша ақпарат пен құжаттарды тапсыру тәртібі бойынша мәліметтер +7 (7172) 740311, 741332 номерлері мен volunteer@mki.gov.kz сайтында ұсынылады.