
Фото: mazhilis.parlam.kz
Мәжілістің баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шараға Парламенттің қос палатасының спикерлері мен депутаттары, Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері, Мемлекеттік кеңесші, Конституциялық сот пен Жоғарғы сот төрағалары, Президент Әкімшілігінің, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың басшылығы қатысқан.
Айта кетейік, 28 тамыз күні Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойған болатын.