
Қос тарап ел тұрғындарының ыңғайлы әрі кешенді қызметтерге деген сұранысын қанағаттандыратын цифрлық өнімдерді бірлесе әзірлеуге ниетті. Бүгінде телеком операторлары тек байланыс жеткізумен шектелмей, қызмет көрсету шекарасын кеңейтіп келеді. Бүкіл әлемде өріс алған бұл үдеріс жаңа стандарттар қалыптастыруда. Kcell мен Aitu арасындағы серіктестік осы бағыттағы алғашқы қадамдардың бірі.
«Мұндай ұлттық жобалар еліміздің цифрлық тәуелсіздігімен тікелей байланысты. Олар технологиялардың дамуына үлес қосады. Сондықтан, біз әрбір қазақстандықтың қолдауына қуанышты болар едік. Қазақстанда пайда болып, ары қарай дамып бара жатқан оператор «Kcell» АҚ-мен серіктестік отандық телекоммуникация өнімдерін және телекоммуникация нарығын дамытуға тағы бір қадам деп айтуымызға болады», - дейді «BTS Digital» ЖШС бас директоры Нұртай Абилгалиев.
Aitu-дың дәстүрлі мессенджерлерден басты айырмашылығы – бұл жай ғана байланысқа арналған қосымша емес, отандастарымыз үшін елімізде жасалған толыққанды ұлттық SuperApp қолданбасы. Мұнда күнделікті маңызды функциялар бір алаңда жинақталған. Ол арқылы сіз достарыңызға хат жазу, қоңырау шалу, ақша аудару, кино билетін сатып алу, музыка тыңдау, соңғы жаңалықтармен танысу, қызықты арналарға жазылу, қажет ақпаратыңызды табу, мәтін аудару, жоспарлы істер тізімін жасау секілді бірнеше қызметті пайдалана аласыз. Аса қажет жүйелерді біріктірген алаңда деректерді қорғауға ерекше назар аударылған.
«Қазақстандық байланыс операторының тәжірибесі мен ұлттық цифрлық платформаны біріктіре отырып, компаниялар өздерінің қолданыстағы экожүйелерінің қисынды жалғасы болатын жаңа жергілікті өнім құру мүмкіндігін ашты. Ұялы байланыс операторының абоненттері үшін бұл байланыс пен цифрлық қызметтерді одан да ыңғайлы пайдалануды, ал Aitu пайдаланушылары үшін ұялы байланыс мүмкіндіктерімен біріктірілген қолжетімді шешімдер ауқымын кеңейтудің артықшылығы мол», - дейді «Кселл» АҚ Бас атқарушы директоры және Басқарма Төрағасы Асқар Жамбакин.
Компаниялар арасындағы серіктестік мемлекеттің цифрлық экономикасын дамытудағы маңызды қадам болмақ. Мұнда заманауи қызметтер тек технологиялық тұрғыдан жетілдірумен шектелмей, азаматтардың қажеттіліктеріне барынша бейімделеді.
Бүгінде халықтың басым көпшілігі WhatsApp, Telegram, Messenger секілді шетелдік платформаларды тұтынады. Алайда бұл сервистердің барлығы шетелдік серверлерде орналасқандықтан, жеке және мемлекеттік деңгейдегі мәліметтердің сырт елдерге кету қаупі жоғары. Осы ретте Отандық мессенджерлерді дамытудың артықшылығы мол.
АЛМАТЫ