
Фото: Depositphotos
Миллиардердің X парақшасында пайда болған карта The State of Global Fertility («Әлемдік туу деңгейінің жағдайы») деп аталады. Онда 2023 жылғы статистика қамтылған. Әр елде бір әйелдің орта есеппен қанша бала дүниеге әкелетіні көрсетілген.
Картадағы түстер туу деңгейін бөліп көрсетеді. Атап айтсақ:
- Қою көк – 4 және одан жоғары (көбінесе Африка мемлекеттерінде байқалады);
- Көк – 3,0–3,9;
- ашық көк – 2,0–2,9;
- Қызғылт – 1,0–1,9 (Қазақстан осы топқа кіреді);
- Қызыл – 1,0-ден төмен (демографиялық құлдырауды білдіреді, әсіресе Оңтүстік Корея, Шығыс Еуропа және Азияның кейбір аймақтарында кездеседі).
Деректерге қарағанда, туу көрсеткіші бойынша Африка әлі де алда келеді. Ал ең төмен деңгей Еуропада, Шығыс Азияда және Солтүстік Америкада тіркелген.